Телефон нөмірімен ақша аудару шегі 2 миллион теңгеге дейін ұлғаюы мүмкін

Фото: ЖИ/ MadeniPortal.kz

ЖАҢАЛЫҚТАР
30

Қазақстанда әртүрлі банктер арасында телефон нөмірі арқылы жасалатын бір реттік аударымның шекті сомасын көтеру ұсынылды. Ұлттық банк қазіргі 1 миллион теңгелік лимитті 2 миллион теңгеге дейін арттыруды жоспарлап отыр, деп хабарлайды MadeniPortal.kz.

Өзгеріс мобильді аударымдардың бәріне бірдей қатысты емес. Ол бір банктің клиенті басқа банктің клиентіне телефон нөмірі арқылы ақша жібергенде қолданылады. Мәселен, Kaspi-ден Halyk Bank-ке жасалатын аударымға қатысты болмақ.

Қазір жоба мемлекеттік органдармен келісіліп жатыр. Сондықтан жаңа шектің қашан күшіне енетіні әзірге белгісіз.

Ал QR-код арқылы төлем жасауға аталған шектеу қолданылмайды.

ЖАҢАЛЫҚТАР

Әнші Медеу Арынбаев марқұм жұбайы Айгүлге берген уәдесі мен неліктен қайта үйленбегені туралы айтты,...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Актер Олжас Абай әріптесі Рүстем Жаныамановтың шығармашылық әлеуетіне тоқталып, онымен ауқымды жобал...