2027 жылдан бастап көмір жағуға тыйым салынады

Фото: ЖИ/ MadeniPortal.kz

ЖАҢАЛЫҚТАР
53

2027 жылғы 1 қаңтардан бастап Алматының шығарындылар деңгейі төмен аймағындағы газдандырылған аудандарда жеке үйлерді көмірмен, ағашпен және сұйық отынмен жылытуға тыйым салынады, деп хабарлайды MadeniPortal.kz.

Алғашқы кезеңде шектеу Бөгенбай батыр, Абай, Желтоқсан және Достық көшелерімен шектелген аумақта қолданылады. Кейін талап жүретін аймақты кеңейту жоспарланған.

Мәліметке сәйкес, қаладағы жеке үйлердің 99,6 пайызы газға қосылған. Соған қарамастан, газсыз отырған 3 889 үй бар. Оларды газға қосуға қайырымдылық қорларының бірі 460 миллион теңге бөлмек.

Жаңа талапты бұзған жеке тұлғаларға ескерту беріледі немесе 10 АЕК көлемінде айыппұл салынады. Хабарламада бұл сома 2027 жылы 46 930 теңге болатыны көрсетілген.

Әлем

Сенегал жағалауында мигранттар мінген ағаш қайық аударылып, кемінде 39 адам көз жұмды. Бір адам аман...

Әлем

Петропавл-Камчатскийден Хабаровскіге бағыт алған “Аврора” әуе компаниясының ұшағында жол...