Автобусқа бала арбасымен кіруге тыйым салынғаны туралы ақпарат жоққа шығарылды

Фото: ЖИ/ MadeniPortal.kz

ЖАҢАЛЫҚТАР
15

Қазақстанда автобустарға бала арбасымен кіруге тыйым салынғаны туралы тараған ақпарат шындыққа жанаспайды. Қолданыстағы қағидалар ата-аналардың қоғамдық көлікке бала арбасымен мінуіне шектеу қоймайды, деп хабарлайды MadeniPortal.kz.

Жолаушылар мен багажды тасымалдау қағидаларына енгізілген өзгерістерге сәйкес, автобус іші лық толып, ата-анаға отыратын бос орын болған жағдайда арбаны бүктеп алып жүру қарастырылған. Арба өзге жолаушылардың жүріп-тұруына кедергі келтірмеуі керек.

Бұл талап балалар мен ата-аналардың және басқа да жолаушылардың қауіпсіздігін сақтап, автобустың өту жолын бос ұстау үшін енгізілген.

Алайда ата-анаға арбаны бүктеу қолайсыз болса, оны жайылған күйінде қалдырып, сапарын жалғастыра алады. Бұл үшін айыппұл салу, автобустан түсіру немесе басқа да жаза қолдану көзделмеген.

ЖАҢАЛЫҚТАР

Әнші Медеу Арынбаев марқұм жұбайы Айгүлге берген уәдесі мен неліктен қайта үйленбегені туралы айтты,...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Қазақстанда әртүрлі банктер арасында телефон нөмірі арқылы жасалатын бір реттік аударымның шекті сом...