5 ақпан күні Шымкенттегі көпқабатты үйлердің бірінің ауласынан 42 жастағы әйелдің мәйіті табылды, де...
17 - мамыр ел президентінің туған күні: Тоқаев атқарған іс тармағына танымдық талдау
Фото: Ақорда
17 мамыр – Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың туған күні. Бұл атаулы күні MADENIPORTAL.KZ ұжымы президентіміздің саяси жолын, басқару стилін және ел дамуына қосқан үлесіне тоқталып, атқарылған жұмыстарға талдау жасап, назарларыңызға ұсынып отыр.
Президентіміз еңбек жолын 1975 жылы КСРО-ның Сыртқы істер министрлігінде бастап, кейін ел үшін маңызды бірқатар түрлі қызметтерде нәтижелі жұмыс атқарып, 2019 жылғы 20 наурызда Қазақстан Республикасының Президенті ретінде ант қабылдады.
Айта кетейік, Қ.К.Тоқаев президент болып сайланардың алдында ҚР Парламент Сенатының Төрағасы болып қызмет етті. Яғни, 2013 жылғы 16 қазанда Қазақстан Республикасы Парламент Сенатының Төрағасы болып қайта сайланды. Сондай-ақ, президент 13 жыл бойы Қазақстанның үстел теннисі федерациясын басқарды және Халықаралық қатынастар мәселелеріне арналған 10 кітаптың авторы.
Қ.К.Тоқаев 2019 жылы 9 маусымда өткен кезектен тыс Президент сайлауында 70,96 пайыз дауыс жинап, Қазақстан Республикасының Президенті болып сайланды. 2019 жылы 12 маусымда ҚРКонституциясының 42-бабына сәйкес ант беріп, ресми түрде сайланған Президент ретінде Мемлекет басшысының лауазымына кірісті. Солуақыттан бері елімізде маңызды реформалар қабылданып, нәтижелі өзгерістер орын алды.
2020 жылы 6 наурызда президент Қазақстан Республикасы сыртқы саясатының 2020-2030 жылдарға арналған тұжырымдамасын бекіткен болатын. Бұл тұжырымдама 2050 жылға дейінгіұзақ мерзімді және орнықты даму стратегиясында, «Бес институционалдық реформаны жүзеге асыру жөніндегі 100 нақты қадам» Ұлт жоспарында және Президенттің Қазақстан халқына жыл сайынғы жолдауларында көрсетілген мақсаттар мен міндеттерді ескере отырып әзірленді. Аталған тұжырымдамаға сәйкес Қазақстан Республикасы өзінің сыртқы саясатын 6 негізгі қағидаттар негізінде жүзеге асыратыны көрсетілген еді. Ал тұжырымдаманы іске асыру 8 кезеңнен тұрды.
Фото: Ақорда
Сыртқы істер министрлігінің мәліметінше, 2024 жылы Қазақстан бірқатар беделді халықаралық ұйымдар мен платформаларға төрағалық етті, бұл өңірлік және жаһандық күн тәртібіндегі өзекті мәселелерді шешуге ықпалын тигізді. Қазақстанның ШЫҰ-ға төрағалық ету барысындаэкономикалық ынтымақтастықты, қауіпсіздікті, экологиялық бастамаларды және цифрлық трансформацияны қоса алғанда, кең ауқымды тақырыптарды қамтитын 160-тан астам іс-шара өткізілген. Шарттық база қатысушы елдер арасындағы ынтымақтастықты нығайтатын 60 жаңа құжатпен толықтырылып, Қазақстан Еуразия экономикасының, саудасының, көліктік және логистикалық байланысының континенттік белдеуін қалыптастыруға бағытталған Ұйымның 2035 жылға дейінгі даму стратегиясына бастамашы болды. Төрағалықтың басты іс-шарасы ретінде алғаш рет «ШЫҰ плюс» форматында өткен Астана саммиті болды. Сондай-ақ, «Қазақстанның Су дипломатиясы аясында 2024 жылы Қытаймен, Ресеймен және Орталық Азия елдері мен трансшекаралық өзендер бойынша 35-ке жуық отырыс өткізілді. Қырғызстанмен және Өзбекстанмен Шу, Талас және Сырдария трансшекаралық өзендері арқылы Қазақстанға су беру туралы уағдаластыққа қол жеткізілді.
Әзербайжан Президенті, БҰҰ Бас хатшысының ОА жөніндегі арнайы өкілі және БҰҰ Орталық Азия үшін превентивті дипломатиясы жөніндегі өңірлік орталығының басшысының қатысуымен Орталық Азия мемлекеттері басшыларының консультативтік кездесуінің 6-шы отырысын өткізу маңызды болды. Саммит қорытындысы бойынша «ОА-2040» Өңірлік кооперацияны дамыту тұжырымдамасына, 2025-2027 жылдарға арналған Өңірлік ынтымақтастықтың жол картасына, сондай-ақ 2025-2027 жылдарға арналған Өнеркәсіптік кооперацияны дамыту жөніндегі іс-қимыл жоспарына қол қойылды.
Фото: Ақорда
Қазақстан әлемдік саясатқа интеграцияның жоғары дәрежесін көрсетіп отыр. Еліміз энергетика, көлік, сауда және цифрлық технологиялар салаларындағы ірі өңірлік жобаларға бастамашы болып отыр. Транскаспий халықаралық көлік бағытын дамыту, «Бір белдеу – бір жол» жобасы аясындағы ынтымақтастық және Еуразиялық экономикалық одаққа белсенді қатысу еліміздің жаһандық экономикалық байланыстарды нығайтуға бейімділігін растайды.
Президенттің 2021 жылы 6 тамызда Түрікменстанда өткен Орталық Азия елдері басшыларының Консультативтік кездесуінде «Бірлігімізді бекемдеп, бір-бірімізбен болмашы бәсекелестікке жол бермеуіміз қажет. Халықаралық аса маңызды мәселелерде барынша ортақ ұстаным білдірсек, әлемдік қауымдастыққа келісім тапқан ортақ тәсілімізді көрсетер едік. Халықаралық алаңдардағы бәсекелестік ұлттық мүдделерімізге қайшы келеді» деген ұлағатты сөздері өзге елдердің басшыларының назарын аудартқан болатын.
Президент Қ.К.Тоқаев қандай жағдай болмасын келісім орнатып, ортақ дұрыс шешім қабылдауды, бірлікті бекем ұстауды қолдайтынын айқын айтыпта, дәлелдеп те келе жатыр. Ел басқаруда өзіндік стилімен таңқалдыра білген президентіміздің рухани құндылықтарымызды бірінші кезекке қоя отырып, әрдайым ұтымды шешім қабылдап кележатқанына айтылған жұмыстардың атқарылғаны мен нәтижелері дәлел болып келеді. Мәселен, мемлекет басшысының 2021 жылғы 25 қазандағы Түрікменстан сапарында, саудадан тасымалға, ауылшаруашылығынан ғылымға әртүрлі салада 20 келісімшартқа қол қойылуы екі елдің арасындағы қатынастардың жаңа деңгейге көтерілгенін айғақтайды. Әсіресе, Каспий теңізіндегі Қазақстан-Түрікменстан мемлекеттік шекарасын межелеужәне балық аулау аймақтарының шектес учаскелерін бөлу туралы шарт, сондай-ақ шекаратәртібі туралы үкіметаралық келісім ерекше орыналады. Осылайша, екі ел арасындағы құрлықтағы және теңіздегі шекараларды заңды түрде рәсімдеу аяқталды.
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев еліміздің әлеуметтік-экономикалық даму мәселелері жөніндегі кеңейтілген кеңесте, реформалардың нәтижесінде елімізде көп нәрсе өзгергенін, солардың бірі, алғаш рет Премьер-Министрдің кандидатурасын сайлауда жеңіске жеткен партия ұсынғанын, мұны саяси жаңғырудың тағы бір маңызды қадамы деуге болатынын айтқан еді. Осы кеңейтілген кеңесте реформалар бойынша атқарылған жұмыстардың нәтижесі мен әлі де ақсап тұрған тұстарын нақты атап көрсетіп, реформалардың нәтижесін әрбір азамат нақты сезінуі қажет екенін айтқан болатын.
Мәселен, қазір елімізде 600 мыңнан астам адамтаза ауызсуға зәру. Тіпті Астананың өзінде су тапшылығы қатты сезіле бастады. Басты себептің бірі – құрылыстың көбеюі. Үнемшіл болмасақ, таза су беретін жаңа нысандарды іске қосқанмен, тапшылықты жоя алмайтынымызды баса айтып, тозып тұрған нысандар бойынша да тапсырмаларберді.
Тәуелсіз елдің тұрғындары ретінде ел үшін атқарылып жатқан жұмыстар мен қабылданған реформалардың маңызын түсініп, оларды сараптай алуымыз қажет деп ойлаймыз. Бейбітшілік пен бірлікті қашан да негізге ала жүретін басшы мен оны қолдап, бір жағадан бас, бір жеңнен қол шығаратын халық тұрғанда, елдің іргесі әрқашан да бекем болмақ.
Осы айтулы күнде мемлекет басшысын жаңа жасымен құттықтай отырып, президенттің «Біздің күш-қуатымыз – берекелі бірлікте! Ендеше, бірлігімізді бекемдеп, ел үшін еңбек етейік!», - деген әсерлі сөзімен қорытындылаймыз.