Алматыда мопед жүргізушісі жол апатында қайтыс болды (ВИДЕО)

ашық дереккөз

ЖАҢАЛЫҚТАР
849

Алматыға іргелес ауылдардың бірінде адам өлімімен аяқталған жол-көлік оқиғасы болды, деп хабарлады MadeniPortal.kz.

Апат Қарасай ауданының Абай ауылында – Рысқұлов пен Әзербаев көшелерінің қиылысында орын алған. Қиылыста жеңіл көлік пен мопед соқтығысқан. Соның салдарынан мопед жүргізушісі қаза тапты.

Алматы облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметінің мәліметінше, 5 сәуір күні Абай ауылында болған жол-көлік оқиғасы бойынша қылмыстық іс қозғалды.

«Алдын ала деректерге сәйкес, 37 жастағы BYD маркалы автокөліктің жүргізушісі қосалқы жолдан шыққан кезде басты жолдағы көлікке жол бермей, мопедпен соқтығысқан. Жол апаты салдарынан 42 жастағы мотоқұрал жүргізушісі алған жарақаттарынан оқиға орнында көз жұмды», – деп хабарлады полиция.

Қазіргі уақытта автокөлік жүргізушісі уақытша ұстау изоляторына қамалды. Оқиғаның барлық мән-жайын анықтау үшін сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.

 

СПОРТ

Түркиялық "Фенербахче" бапкері Исмаил Картал Чемпиондар лигасының жаңа маусымындағы алғашқы ойын т...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Атырау облысының Құлсары қаласында жаңа оқу жылының басында 1200 орындық №26 мектеп ашылды. Мектепті...