Ақмола облысында мотоцикл мінген әйел жол апатынан қаза тапты

Фото: instagram.com/nayzakokshe

ЖАҢАЛЫҚТАР
1975

Ақмола облысында мотоцикл мен жеңіл автокөліктің соқтығысуы салдарынан мотоцикл жолаушысы қаза тапты, деп хабарлайды MADENIPORTAL.KZ Azattyq Rýhy-на сілтеме жасап. 

Оқиға 25 сәуір күні Тайтөбе ауылында орын алған. Алдын ала мәлімет бойынша, «Лада Ларгус» автокөлігінің жүргізушісі Жұбанов көшесіне бұрылу кезінде қарсы бағытта келе жатқан мотоциклмен соқтығысқан.

Мотоциклде 31 жастағы ауыл тұрғыны және оның 28 жастағы жұбайы болған. Екеуі де ауыр жағдайда Астанадағы ауруханалардың бірінің жансақтау бөліміне жеткізілді.

«26 сәуір күні мотоциклдің жолаушысы алған жарақаттарынан көз жұмды. Аталған факті бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды», – деп мәлімдеді полиция өкілдері. 

ЖАҢАЛЫҚТАР

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Ресей Федерациясының Президенті Владимир Путинді тоғызыншы шақырылымда...

PESTEL

Шетелге шығу үшін көпшілікке паспорт қажет. Алайда Ұлыбритания королі Карл III пен Жапония император...