Экономист қазақстандықтарға ай сайын 300 мың теңгеден беріп отыруды ұсынды

Фото:  Digital Business Finance

ЖАҢАЛЫҚТАР
1375

Бүгінде қазақстандықтардың көпшілігі орта тапқа тән өмір сүру деңгейіне жете алмай отыр. Ал елдің Ұлттық қорында ондаған миллиард доллар жинақталған, деп хабарлайды MadeniPortal.kz  Digital Business Finance-қа сілтеме жасап. 

Экономист Қуат Акижанов әлеуметтік теңсіздікті азайтып, экономиканы жандандыру үшін әрбір ересек азаматқа ай сайын 200–300 мың теңге көлемінде шартсыз базалық табыс енгізуді ұсынады. Оның айтуынша, символикалық төлемдер нәтиже бермейді, ал базалық табыс адамдарды тұрақсыз және төмен жалақысы бар жұмыстарға тәуелді болудан құтқарады.

Сарапшы елде бұл бастаманы қаржыландыруға мүмкіндік бар екенін айта отырып, прогрессивті салық салуды, байлық пен мұраға салық енгізуді, сондай-ақ жер рентасын Ұлттық қорға бағыттауды ұсынады.

«Мемлекет әрбір азаматқа тек азамат болғаны үшін белгілі бір соманы төлейді. Қазақстанда бұл үдеріс іс жүзінде “Келешек” бағдарламасы арқылы басталып кетті, бірақ бұл – дұрыс бастаманың орындалу сапасына байланысты құнсыздануының мысалы. Бала кәмелет жасына толғанда оның шотында бір-екі мың доллар ғана болады, ал инфляцияны ескерсек, бұл қаражат толыққанды білім алуға жетпейді», – деді экономист.

Оның айтуынша, шартсыз базалық табыс дамудың нақты құралына айналуы үшін, символдық шара болып қалмай, төлемдер қазірден бастап әрі елеулі мөлшерде төленуі тиіс.

Инфляция қаупі туралы пікірлерді ол миф деп атап, шартсыз базалық табыс ішкі сұранысты күшейтіп, отандық өндірістің дамуына серпін береді деп есептейді. Оның пікірінше, бұл бастама Қазақстандағы жүйелі әлеуметтік-экономикалық реформалардың қозғаушы күшіне айналуы мүмкін.

Акижановтың айтуынша, Қазақстанда прекарлық еңбек моделі қалыптасқан. Яғни, адамдардың формалды түрде білімі мен баспанасы бар, бірақ тұрақты табысы мен әлеуметтік кепілдіктері жоқ.

«Шартсыз базалық табыс адамды екі тұзақтан құтқарады. Біріншісі – жұмыссыздық тұзағы, яғни табыссыз қаламын деген қорқыныш дамуға кедергі келтіреді. Екіншісі – жұмыспен қамтылу тұзағы, адамдар тіршілік ету үшін ұнатпайтын жұмысында қалуға мәжбүр. Бұл бастама адамдарға таңдау жасауға, оқуға және шығармашылық еңбекпен айналысуға мүмкіндік береді. Ал жұмыс берушілерді жалақыны көтеруге және қызметкерлерді бағалауға итермелейді», – деді сарапшы.

Шартсыз базалық табысқа қарсы басты уәждердің бірі – қаржыландыру көздері мәселесі. Есептеулерге сәйкес, тіпті айына 200 мың теңге көлеміндегі төлемнің өзі жылына 31 трлн теңгеден астам қаражатты талап етеді. Алайда Акижановтың пікірінше, елде бұл ақша бар.

ЖАҢАЛЫҚТАР

2026 жылғы 29 қаңтарда Санкт-Петербургтің Ленин аудандық сотында танымал боксшы Дмитрий Биволдыңбұры...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Алкогольдік мас күйде болған, шизофрениямен ауыратын ер адам Екібастұзда әйелін шәйнекпен ұрып-соққа...