18 қазан 18-қабаттан құлады: Ақтауда болған қайғылы оқиға бойынша тергеу басталды

Фото: lada.kz

ЖАҢАЛЫҚТАР
1798

18 қазан күні таңертең Ақтауда қайғылы оқиға орын алды, Куәгерлердің айтуынша қыз 18-қабаттан құлап көз жұмған, деп хабарлайды MADENIPORTAL.KZ.

Қайғылы оқиға Ақтаудың 17-шағын ауданындағы «Green Plaza» тұрғын үй кешенінің аумағында болды.

«Жұмыстан үйге қайтып келе жатқан едім, ауладан полиция көліктерінің жылдам өтіп бара жатқанын естідім. Не болғанын көру үшін бардым. Басында ештеңе түсінбедім, бірақ кейін полиция көлігінің артында қыздың денесі жатқанын көрдім. Ол үйдің кіреберісінен бір метрдей жерге құлап түсіпті», - дейді оқиға куәгерлерінің бірі.

Маңғыстау облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі ҚР Қылмыстық кодексінің 105-бабы «Өзін-өзі өлтіруге итермелеу» бойынша іс қозғалғанын хабарлады. 

ЖАҢАЛЫҚТАР

Мемлекеттік қызметкерлерге әлеуметтік желі мен мессенджерлерді қолдануда абай болу ескертілді, деп х...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Көксу ауданының прокуратурасы лудоманияның алдын алу және сыбайлас жемқорлыққа қарсы шектеулердің са...