Заң жобасы аясында ақпаратқа қол жеткізу саласына мемлекеттік бақылау енгізіледі, деп хабарлайды mad...
Таиландта жоғалған қыз бен жігіттің денесі табылды
Фото: әлеуметтік желі
Таиландта 26 шілдеде із-түзсіз жоғалған ресейлік ағайынды – 22 жастағы Диана Назимова мен 17 жастағы Роман Назимовтың өлтірілгені белгілі болды, деп хабарлайды MadeniPortal.kz.
Thairat басылымының мәліметінше, ұсталған күдіктілер жәбірленушілерді өлтіріп, қылмысты жасыру үшін мәйіттерін таулы аймақта жерлегендерін мойындаған.
Тергеу деректеріне сәйкес, тайлық қылмыстық топтың жетекшілері Понг пен Тонг 17 жастағы Романның атылғанын, ал оның әпкесі Диананың соққыдан көз жұмғанын айтқан. Алдын ала мәлімет бойынша, қылмысқа олардың мотоциклін иемдену ниеті себеп болған.
Алайда дәл осы мотоцикл тергеушілерге күдіктілердің ізіне түсуге көмектесті. Ресей азаматтары мінген Honda ADV 150 мотоциклі бөлшектелген күйде Чонбури провинциясындағы ескі зират маңына көмілген жерден табылған.