Абай облысында 54 жастағы ер адам алғаш рет жеке куәлік алды, деп хабарлайды madeniportal.kz&nb...
19 жастағы футболшының өліміне не себеп болғаны айтылды
Фото: ашық дереккөз
Ойын кезінде 19 жастағы футболшы Диас Төлеу көз жұмды, деп хабарлайды MADENIPORTAL.KZ.
Қайғылы жағдай Бірінші лигадағы «Хан-Тәңірі» мен «Екібастұз» командаларының ойыны кезінде болды. 19 жастағы шабуылшы Диас Төлеу алаң үстінде кенет есінен танып, дәрігерлердің барлық әрекетіне қарамастан, өмірден өтті.
Диас — алматылық «Қайрат» клубының түлегі. Биылғы маусымда ол «Хан-Тәңірі» сапында 25 матч өткізіп, 3 гол соғып және 4 нәтижелі пас берген.
Кеше матч кезінде қайтыс болған футболшыны ауруханаға клиникалық өлім жағдайында жеткізген.
«Ауруханаға келгенде пульс пен қан қысымы байқалмады, көз қарашығы үлкейген болатын. Медициналық бригада 30 минут бойы реанимациялық шараларды жүргізді, алайда өмір белгілерін қалпына келтіру мүмкін болмады», - деп хабарлады Алматы қаласының қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы.