Әйел базарда 3 жастағы қызды себепсіз пышақтап өлтірді

Фото: Видеодан кадр

ЖАҢАЛЫҚТАР
2063

Әйел 3 жастағы қызды себепсіз пышақтап өлтірді, деп хабарлайды MADENIPORTAL.KZ.

Ағымдағы жылдың 1 мамырында Сурхандария облысының Денов ауданында психикалық денсаулығы нашар әйел 3 жасар қыздың өміріне қауіп төндіретін ауыр дене жарақатын салып, өлтіріп алды. Ол қызды себепсіз ас үй пышағымен жарақаттаған.

Бұл туралы бас прокуратураның баспасөз хатшысы Хаят Шамсутдинов мәлімдеді. Бүлдіршін алған дене жарақаттарының салдарынан аудандық медициналық бірлестікте қайтыс болды. Күдікті іс жүргізу тәртібімен ұсталды.

Алынған алдын ала мәліметтер бойынша, әйел психикалық ауытқуы бар науқастар тізімінде болған.

Тергеу жұмыстары жалғасуда.

ЖАҢАЛЫҚТАР

Көкшетауда жекеменшік тұрғын үйден өрт шықты. Алдын ала мәлімет бойынша, өртке найзағайдың түсуі себ...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Әлеуметтік желіде кеңінен тараған «Курьер ана» видеосының авторы Алмат Несіпқалиев аталғ...