19 жастағы жігіт өгей әкесінің басын кесіп алған

ашық дереккөзден алынған

ЖАҢАЛЫҚТАР
1520

АҚШ-тың Статен-Айленд қаласында 45 жастағы өгей әкесі пышақталып өлтірілгеннен кейін, 19 жастағы өгей ұлы қамауға алынды, деп хабарлады MADENIPORTAL.KZ.

Eyewitness News басылымының жазуынша, оқиға орнына келген полицейлер 45 жастағы ер адамның денесін ванна бөлмесінде тауып, оның басы мен мойын тұсына бірнеше рет пышақ салынғанын анықтаған.

Полициядағы дереккөздердің айтуынша, 19 жастағы өгей ұл күдікті ретінде қамауға алынған. Олардың сөзінше, сағат 16:00 шамасында өгей ұлдың әпкесі үйге кіріп, барлық бөлмеде қан іздерін көрген. Содан кейін ол жәбірленушінің денесін ванна бөлмесінен тапқан.

Жәбірленуші жай ғана пышақталып қоймай, басы кесілген. Оқиға орнына келген кезде пышақ әлі де денесінде тұрған.

Қазіргі таңда шабуылдың себебі белгісіз. Бұған дейін күдікті ешқашан қамауға алынбаған.

Полиция өгей ұлдың психикалық ауытқуы болуы мүмкін екенін мәлімдеді.

Қылмыстық іс бойынша тергеу жалғасуда.

ЖАҢАЛЫҚТАР

Wildberries логистикалық орталықтарына жасалған шабуылдар салдарынан 100-ден астам қазақстандық кәсі...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Шымкентте Нұрай Серікбайдың қазасына байланысты қылмыстық іс бойынша сот отырысы жалғасып жатыр. Сот...