Қарағанды облысында жолға қызыл сызық сызылды

Фото: ҚазАвтоЖол

ЖАҢАЛЫҚТАР
815

«ҚазАвтоЖол» ҰК» АҚ Қарағанды облыстық филиалы мен Әкімшілік полиция басқармасы бірлесіп, республикалық маңызы бар «Қарағанды – Аягөз – Бұғаз» автожолының 85-86 шақырым аралығында, яғни апат жиі орын алатын қауіпті учаскесінде пилоттық жобаны жүзеге асырды, деп хабарлайды MadeniPortal.kz arasha.kz-ке сілтеме жасап. 

Аталған бастама аясында жолдың жүру бөлігінің шетіне қызыл түсті сызық сызылды. Бұл жаңашылдық жол бөлігінің шекарасын айқын көрсетіп, әсіресе қауіп жоғары жағдайларда жүргізушілердің назарын аударуға бағытталған.

Қазіргі уақытта енгізілген шешімнің тиімділігіне мониторинг жүргізілетін болады. Оң нәтиже көрсеткен жағдайда, бұл тәжірибені республикалық маңызы бар басқа да автомобиль жолдары учаскелеріне кеңінен енгізу қарастырылмақ. 

ЖАҢАЛЫҚТАР

Үндістанда 65 жастағы ер адам 35 жастағы әйел мен оның 10 айлық қызын зорлап өлтірді деген күдікпен...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Ел аумағының басым бөлігінде жауын-шашынсыз ыстық ауа райы сақталады. Көптеген өңірде бұлттылық құбы...