257 жолаушы мінген әуе кемесі ұшқыштың кесірінен аэропортқа қайта қонды

Сурет ашық дереккөзден алынды

ЖАҢАЛЫҚТАР
2652

United Airlines әуе компаниясының Лос-Анджелестен Қытайға ұшып бара жатқан ұшағы АҚШ-қа қайта оралды, деп хабарлады MADENIPORTAL.KZ.

Бұл туралы CNN телеарнасы мәлімдеді.

Телеарна мәліметінше, ұшқаннан кейін екі сағаттан соң пилоттың паспортын ұмытып кеткені анықталған. Осыған байланысты ұшақ бағытынан қайтып, Сан-Францискоға бет алды, онда жолаушыларды жаңа ұшақ күтіп тұрды. Ұшақтың бортында 257 жолаушы мен 13 экипаж мүшесі болған.

«Клиенттерге тамақтануға арналған ваучерлер мен өтемақы ұсынылды», — деп хабарлады әуе компаниясы.

Нәтижесінде рейс  Шанхайға шамамен алты сағат кешігіп жеткен.

ЖАҢАЛЫҚТАР

Мемлекеттік қызметкерлерге әлеуметтік желі мен мессенджерлерді қолдануда абай болу ескертілді, деп х...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Көксу ауданының прокуратурасы лудоманияның алдын алу және сыбайлас жемқорлыққа қарсы шектеулердің са...