2 жылда 2 миллиард тапқан сутенер әйел сотталып, ақшасы тәркіленді

Фото: ИИ/Шедеврум

Жаңалықтар
263

Қаржы мониторинг агенттігі боди массаждың атын жамылып, жезөкшелікпен айналысқан келіншек сотталды, деп хабарлайды madeniportal.kz.

Әйел адам 2021-2023 жылдары боди массаж түрінде жезөкшелердің қызметін ұйымдастырған. Осы жұмысы арқылы 2 млрд теңге табыс тапшар. 

«Қылмыстық табысты заңдастыру мақсатында күдікті өз атына ЖШС тіркеп, ауыл шаруашылығы дақылдарын сатып алып, оны қайта сатқан. Қылмыстық жолмен алынған қаражатқа ол 350 млн теңгеге жалпы ауданы ауданы 500 шаршы метр коммерциялық нысан алған. Екі бөлмелі пәтерлердің бесеуін алып, оны бала күтушісінің атына жаздырған. Астанадан 667,5 млн теңгеге екі коттеджд сатып алған. Астанадағы қымбат үйден екі пәтер мен паркинг алған. Құны 114 млн теңгеге G63 маркалы Mercedes Benz сатып алған», - деп хабарлайды ҚМА.

Сондай-ақ, тінту барысынба оның үйінен 50 млн теңге мен қымбат әшекей бұйымдар табылған. 

«Сот притон ұйымдастырғаны үшін және қылмыстық жолмен алынған қаражатты заңдастырғаны үшін оны 6 жылға бас бостандығынан айырып, мүлкі мен пәтерлерді сату арқылы алынған ақшасын тәркіледі», - деп хабарлайды ҚМА-ның баспасөз қызметі. 

Жаңалықтар

Премьер-министрдің орынбасары Қанат Бозымбаев Ақтауда брифингте Әзірбайжанға тиесілі ұшақтың құлауын...

Жаңалықтар

Нью-Йорк метросында мемлекет ішінде заңсыз жүрген иммигрант әйелді тірідей өртеп жіберді, деп хабарл...