2027 жылға дейін барлық ауыл интернетке қосылады

Фото: Шедеврум

ЖАҢАЛЫҚТАР
915

Алдағы екі жылда Қазақстандағы барлық елді мекен ғаламтормен қамтылады, деп хабарлайды MADENIPORTAL.KZ.

Бұл туралы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің орынбасары Досжан Мұсалиев Сенатта өткен жиында айтты. 

Қазір еліміз бойынша 6 мыңнан астам ауыл бар. Соның 4850-і кең жолақты интернетпен қамтамасыз етілген. Ал 1049 ауыл байланыс аясынан тыс жерде. Онда 200 мыңға жуық адам тұрады. Мәселені шешу үшін «Қолжетімді интернет» жобасы әзірленіпті. Оны 2027 жылға дейін іске асыру жоспарланған. Осылайша ауыл халқы анықтама немесе субсидия алу үшін қалаға барып әуре болмайды.

Жоспар бойынша қазірдің өзінде 3G-ге қосылған, бірақ жылдамдығы өте төмен ауылдардың да мәселесін шешуге арналған жоба жасалды. Сонымен қатар жол бойындағы мобильді интернетті жақсарту жоспарланған. Ол үшін кем дегенде 387 байланыс бағанасы тұрғызылады. Бұл мақсатқа шамамен 120 млрд теңге инвестиция тартылады, - деді Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі вице-министрі Досжан Мұсалиев. 

ЖАҢАЛЫҚТАР

Танымал әнші Индира Елемес Руслан Өтепбайға сұхбат берді, деп хабарлады MadeniPortal.kz. Әнші күйеу...

PESTEL

АҚШ президенті Дональд Трамптың арнайы өкілі Берлинде Украина, Германия, Франция және Ұлыбритания ба...