Ақтөбеде мешітке барған қызға оғаш ұсыныс білдіріп, тиіскен ер адам жазаланды

Фото: видеодан скриншот

ЖАҢАЛЫҚТАР
1594

25 шілде күні Ақтөбе қаласындағы «Нұр Ғасыр» мешітінен шығатын жерде белгісіз ер адам келуші қызға әдепсіз сөздер айтқан, деп хабарлайды MADENIPORTAL.KZ.

Аталған оқиға видеоға түсіріліп, әлеуметтік желілерде жарияланды.

Ақтөбе облысы полиция департаменті қызметкерлері жүргізген жедел-іздестіру шаралары нәтижесінде ер адамның жеке басы анықталды. Мән-жайды анықтау үшін ол ішкі істер органдарына жеткізілді.

Құқықбұзушымен профилактикалық әңгіме жүргізілді. Оған мұндай әрекеттерге жол бермеу керектігі жөнінде қолданыстағы заңнама талаптары түсіндірілді. Сонымен қатар ҚР ӘҚБтК-нің 449-бабы 2-бөлігіне (Қоғамдық орында тиісу) сәйкес әкімшілік хаттама толтырылды.

Материал сотқа жіберілетін болады. 

ЖАҢАЛЫҚТАР

Мемлекет басшысы жаңа Конституция жобасы бойынша өткен республикалық референдумға қатысып, Оқушылар...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Қазақстанның Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаев жаңа Конституцияны қабылдау мәселесі бойынша өтке...