2029 жылғы қысқы Азия ойындары Алматыда өтеді

ашық дереккөздерден

ЖАҢАЛЫҚТАР
982

Алматы 2029 жылғы қысқы Азия ойындарын қабылдайтын қала болып бекітілді, деп хабарлады MadeniPortal.kz.

Бұл туралы Азияның Олимпиадалық кеңесі ресми түрде мәлімдеді.

Sports.kz порталы хабарлағандай, қабылдаушы қала туралы келісімге 2026 жылғы 5 ақпанда Италияның Милан қаласында қол қойылады деп жоспарланып отыр.

Айта кетейік, бастапқыда 2029 жылғы қысқы Азия ойындарын Сауд Арабиясы қабылдауы тиіс болған. Алайда қаңтар айында елдің Олимпиада және Паралимпиада комитеті мен Азияның Олимпиадалық кеңесі бірлескен мәлімдеме жасап, жарысты өткізу мерзімі белгісіз уақытқа шегерілгенін хабарлаған.

Ал соңғы қысқы Азия ойындары 2025 жылы Қытайдың Харбин қаласында өткен. 

ЖАҢАЛЫҚТАР

Мемлекеттік қызметкерлерге әлеуметтік желі мен мессенджерлерді қолдануда абай болу ескертілді, деп х...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Көксу ауданының прокуратурасы лудоманияның алдын алу және сыбайлас жемқорлыққа қарсы шектеулердің са...