⠀ℹ Ендігі жерде қаскөйлер телефоныңызға шпиондық бағдарламалар орнатып, Сізді аңдып, қоңырауларыңызд...
+45 градусқа дейін аптап ыстық: Синоптиктер шілде айына арналған ауа райы болжамын жарияланды
ашық дереккөз
«Қазгидромет» синоптиктері Қазақстандағы 2026 жылғы шілде айына арналған консультативтік ауа райы болжамын нақтылады, деп хабарлады MadeniPortal.kz.
Белсенді циклон мен атмосфералық фронттардың өтуіне байланысты шілденің алғашқы күндері еліміздің басым бөлігінде найзағай ойнап, жаңбыр жауады. Елдің оңтүстігінде, сондай-ақ Алматы және Жетісу облыстарының таулы және тау бөктеріндегі аудандарында мол жауын-шашын күтіледі.
Шілденің алғашқы онкүндігінде-ақ ауа температурасы күрт көтеріле бастайды. Еліміздің батысында күндізгі ауа температурасы +30...+38 градусқа дейін көтеріледі. Маңғыстау облысында +40 градусқа дейін, ал облыстың оңтүстігінде +43 градусқа дейін ыстық болады.
Қазақстанның солтүстік-батысында ауа температурасы +33...+40 градусқа, солтүстігінде +33...+38 градусқа, ал орталық өңірлерде +32...+40 градусқа дейін ысиды.
Ең күшті аптап еліміздің оңтүстігінде күтіледі. Мұнда ауа температурасы +44 градусқа дейін жетуі мүмкін. Ал оңтүстік-шығыста +42 градусқа дейін ыстық болады.
Синоптиктердің болжамынша, шілденің екінші және үшінші онкүндіктерінде аптап ыстық кезеңдері нөсер жаңбырмен, найзағаймен, екпінді желмен және шаңды дауылдармен алмасып отырады.
Еліміздің басым бөлігінде ең ыстық күндері ауа температурасы +33...+39 градусқа дейін көтеріледі. Ал батыс және оңтүстік өңірлерде +35...+45 градусқа дейін ыстық күтіледі.
Кейбір күндері ауа температурасы қысқа мерзімге төмендейді. Қазақстанның солтүстік өңірлерінде күндіз +20...+28 градусқа дейін салқындаса, оңтүстікте +23...+33 градус аралығында болады.