Иманғали Тасмағамбетов-Қазақстанның Ресейдегі елшісі Мәскеуде жас орындаушы Ержан Максиммен кездесті...
25 наурыздан бастап кейбір ұялы телефондар бұғатталады
Фото: ашық дереккөзден
2025 жылғы 24 наурыздан бастап Қазақстанда мобильді құрылғыларды тіркеудің жаңа ережелері күшіне енеді, деп хабарлайды madeniportal.kz.
Еліміздің ІІМ смартфондардың бұғатталуына байланысты маңызды ақпарат таратты.
Енді смартфондар IMEI код арқылы тексеріледі, егер сіздің телефон “қара” тізімде болса, ол жұмыс істеуін тоқтатады. Байланыс, интернет және басқа да мобильді қызметтер істен шығады, – деп хабарлады ІІМ баспасөз қызметі.
Осы орайда сала мамандары келеңсіз жағдайларға ұшырау үшін не істеу керектігін айтты.
Ұялы телефонды тек ресми сауда орындарынан (сатушылардан) немесе сенімді дүкендерден алу керек. Бұл жалған IMEI коды бар смартфон сатып алмау тәуекелін төмендетеді.
Сатып алмай тұрып құрылғының IMEI кодын тексеру керек. Биылғы 24 наурыздан бастап IMEI кодты алдын ала тексеру қызметі іске қосылады. IMEI кодты сервиске нгізіп, оның заңдылығына көз жеткізіңіз.
Смартфонды қолдан немесе күмәнді сайттардан онлайн сатып алудан аулақ болыңыз. Мұндай құрылғылар заңсыз әкелінуі мүмкін, сондықтан бұғатталып қалады.
Егер сіз 2025 жылдың 24 наурызына дейін сатып алынған смартфонды қолдансаңыз және ол сәйкестендіру кодтардың дерекқорында тіркелсе, алаңдауға себеп жоқ, ондай құрылғылар жұмыс істей береді.
Жаңа ереже құрылғыларды заңсыз әкелумен күресуге, тұтынушылардың құқығын қорғауға және мобильді құрылғыларды пайдалану қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бағытталған. Бұл ұялы телефон ұрлығы мен алаяқтықты азайтуға көмектеседі.
Криминалдық полиция департаментінің мәліметінше, жыл басынан бері елімізде ұялы телефон ұрлаудың 474 фактісі тіркелген. Бұл былтырғы сәйкес кезеңмен салыстырғанда 38,4%-ға төмен. Былтыр осы кезеңде 770 факт тіркелген. Құқық қорғау органдары қылмыстың бұлай төмендеуіне профилактикалық жұмыстарды тиімді жүргізу, соның ішінде азаматтарды хабардар ету және ұрланған құрылғыларды тез анықтау шаралары оң әсер еткен.