27 жастағы атыраулық ару 81 жастағы неміс миллиардеріне тұрмысқа шықты

Inbusiness.kz

Жаңалықтар
621

Ресейге көшіп кеткен атыраулық Алина Кузняткина 81 жастағы миллиардер Хорст-Дитер Эшпен некелесті. Эш – "Вильгельмина" модельдеу агенттігінің бұрынғы иесі және Дональд Трамп отбасының жақын досы, деп хабарлайды Alash.KZ inbusiness.kz сайтына сілтеме жасап.

"Санкт-Петербургский дневник" порталы жазғандай, ерлі-зайыпты бірнеше ай бұрын некелерін ресми түрде тіркеген. Содан кейін көп ұзамай жұп Марселина есімді қызды болған.

Батыс басылымдарына берген сұхбатында Эш Алинаға деген сезімін білдіріп, оның элита ортасында өзін сенімді сезінетінін атап өтті.

Алайда, арудың таныс құрбылары Алинаның да жағдайы жақсы жерден шыққанын алға тартты.

"Біріншіден, ол ресейлік емес, қазақстандық. Әкесі орыс, ал анасы дағыстандық. Әкесі Қазақстандағы алғашқы "Мустанг" валюталық казиносының иесі болған. Анасы үй шаруасында болды. Содан кейін балалар киімі дүкенін ашты. Бірақ бизнес нәтиже бермеген соң, қалған ақшасын қайырымдылыққа жұмсаған. Ата-анасы 25 жыл бойы жұмыс істемеген. Алинаның әкесі БАҚ-тың назарын аудармас үшін көзге түспеуге тырысқан. Сонымен қатар, кейбіреулер оған қаржы жағынан тәуелді", – деді өзін Алинаның досымын деп таныстырған анонимді дереккөз.

Сонымен қатар, Алина қазір бұрынғы достарымен қарым-қатынасын үзген. Тек күйеуінің ортасымен араласады. Қыздың ата-анасы да ерлі-зайыптылар арасындағы жас айырмашылығын қабылдайтынын және оның таңдауын қолдайтынын жеткізген.

"Оған ресейлік баспасөзге сұхбат беруге немесе жеке өміріне қандай да бір түсініктеме беруге тыйым салынған. Бұқаралық ақпарат құралдарындағы әрбір мәлімдеме Эштің PR агенттігінің қатаң тексеруінен өтеді", – деп қосты дереккөз.

Туыстары жүктіліктің егжей-тегжейін түсіндіре алмады. Бұл олар үшін күтпеген жағдай болған.

"Оның жүкті екенін біз тек Алинаның соңғы айда босануға дайындалып жүрген кезінде ғана білдік", – деді құрбысы.

Кузняткина бұрынғы достары мен туыстарын сағынғанына қарамастан, оның өмірі қазір махаббат пен түрлі сыйлықтарға толы екен.

"Хорст оған гауһар тастарды жиі сыйлайды. Бірақ оған әйгілі, қымбат брендтердің киімін киюге тыйым салынған. Ол және оның күйеуі гольф ойнап, бай америкалықтардың шағын тобында жабық әлемде өмір сүруде", – деп қорытындылады дереккөз.

Шоу-бизнес

Атақты продюсер Баян Мақсатқызы сұхбат барысында өмірінде өткен қиын кезеңдерімен бөлісті, деп хабар...

Жаңалықтар

Бүгін ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің қолдауымен Қ. Қуанышбаев атындағы Қазақ Ұлттық музыкал...