“-28 градус”: Демалыс күндері ауа райы қандай болады?

Фото: freepik.com

ЖАҢАЛЫҚТАР
1947

Демалыс күндері күн күрт суытады, деп хабарлайды madeniportal.kz.

Республиканың біраз бөлігінде қар жауады. Таулы аудандарда қатты жауын-шашын болады. Шығыс, оңтүстік және орталық аймақтарда көктайғақ болады.

Еліміздің шығысында қалың қар жауып, бұрқасын күтіледі. Ауа температурасы шығыста 18-26 градусқа дейін төмендейді.

Оңтүстік өңірлерде жаңбыр соңы қарға ұласады. Оңтүстік-шығыста күн 8-21 градусқа дейін суытады.

Елдің батысы мен солтүстік-батысында жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі. Батыста 5-13 градусқа, ал солтүстік-батыста 13-25 градусқа дейін ауа температурасы төмендейді.

Солтүстікте 20-25 градус аяз болжанады.

Қазақстанның орталығында термометр 15-28 градус аязды көрсетеді.

ЖАҢАЛЫҚТАР

Көкшетауда жекеменшік тұрғын үйден өрт шықты. Алдын ала мәлімет бойынша, өртке найзағайдың түсуі себ...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Әлеуметтік желіде кеңінен тараған «Курьер ана» видеосының авторы Алмат Несіпқалиев аталғ...