Таиландтағы қанды оқиға: күдіктілер көрсеткен жерден тағы үш адамның сүйегі табылды

Фото: әлеуметтік желі

ЖАҢАЛЫҚТАР
719

Таиландта қаза тапқан 17 жастағы Роман мен 22 жастағы әпкесі Диананың ісі жаңа мәліметтермен толықты. Жергілікті полицияның мәліметінше, күдіктілер қылмысты мойындап, мәйіттер көмілген орынды көрсеткен. Сол жерден жалпы бес адамның денесі табылған, деп хабарлайды MadeniPortal.kz.

Құқық қорғау органдарының хабарлауынша, Роман мен Диананың денелерінен бөлек, тағы үш адамның сүйегі анықталған. Тергеудің алдын ала нұсқасы бойынша, олар қылмыстың куәгері болған бір отбасының мүшелері болуы мүмкін.

БАҚ мәліметінше, қанды қылмысқа марқұмдардың мотоциклі себеп болған. Бұрын сотталған жергілікті тұрғындар көлікті иемдену үшін Ресей азаматтарын өлтірген деген күдікке ілінген. Кейін бөлшектелген мотоцикл күдіктілердің бірінің үйі маңынан көмілген күйде табылған.

Қылмыстан кейін күдіктілер полиция қызметкерлерінің формасын киіп, ізін жасыруға тырысқан. Алайда оларды іздестіру барысында тәртіп сақшылары қолға түсірді. Қазіргі уақытта іс бойынша тергеу жалғасып жатыр.

ЖАҢАЛЫҚТАР

Қызылорда облысының Сырдария ауданында хоккей жаттықтырушысы кәмелетке толмаған шәкіртін зорлады дег...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Солтүстік Қазақстан облысының Жамбыл ауданында 89 жастағы әйелдің өліміне қатысты қылмыстық іс қозға...