Петропавлда 70 жастағы әйел өзін-өзі өртеп жіберген

ашық дереккөзден алынған

ЖАҢАЛЫҚТАР
1141

Петропавлда 70 жастағы әйел банк бөлімшесінде өзін өртемек болып, шу шығарды, деп хабарлады MadeniPortal.kz.

Оқиға 26 қарашада жұмыс уақытында болған. Әйел қолындағы бөтелкедегі сұйықтықты (алдын ала мәлімет бойынша бензин) өзіне шашып, өз-өзін тұтататынын айтқан.

Қауіпсіздік қызметі бірден араласып, қауіпті бөтелкені тартып алып, оқиғаны бақылауға алған. Зардап шеккендер жоқ. Полиция мәліметінше, әйелдің жанжал шығаруына несие мәселесі себеп болған. Ол банктегі қарызын екі есе азайтуды талап еткен. Тағы бір таралған ақпаратқа қарағанда, оның несиесі бойынша едәуір мерзімі өтіп кеткен қарызы болған, ал банк тарапынан қоңыраулар жиілеген.

«Қазір оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр. Әйелдің әрекетіне құқықтық баға тексеруден кейін беріледі», — деп мәлімдеді Солтүстік Қазақстан облыстық полиция департаменті.

ЖАҢАЛЫҚТАР

Мемлекеттік қызметкерлерге әлеуметтік желі мен мессенджерлерді қолдануда абай болу ескертілді, деп х...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Көксу ауданының прокуратурасы лудоманияның алдын алу және сыбайлас жемқорлыққа қарсы шектеулердің са...