Дархан Қыдырәлі ауылдық жерлерде мәдениет нысандарының жетіспейтіні туралы мәселе көтерді

Жаңалықтар
524

Ауыл жастары мен тұрғындары мәдени дискриминацияға ұшырамауы тиіс! Дархан Қыдырәлі өзінің депутаттық сауалында ауылдық жерлердегі мәдениет үйлері мен кітапханаларды дамыту қажеттігі туралы айтты, деп хабарлайды madeniportal.kz.

Сурет ашық дереккөзден алынды

Депутаттың айтуынша, ауыл тұрғындары мен жастарына демалыс уақыттарын тиімді өткізетін, өздерін дамытатын түрлі үйірмелер мен секциялар жетіспейді. Жұмыс істеп тұрған 2 035 мәдениет үйінің 770-і және
 2 006 ауылдық клубтың 608-і күрделі жөндеуді қажет етеді. Олардың кейбірі тозған, ал басқалары төтенше жағдайға ұшыраған. Жүйесіз урбанизация мәдени иммунитеті төмен маргинал жастардың қатарын көбейтуде.

Сенатор сонымен қатар қазіргі кезде елімізде 3 891 кітапхана жұмыс істейтінін, оның 79%-ы ауылдық жерде екенін атап өтті. Алайда, олардың көпшілігі ескірген және материалдық-техникалық базасы жеткіліксіз. Жергілікті атқарушы органдар көбінесе «қалдық қағидаты» бойынша бөлетін шамалы қаржы кітап қорын толтыруға жетпейді.

«Құбылған заманда құбыладан жаңылмас үшін құндылықтар қажет екені белгілі. Біз «вандализм көбейді, қатігездік артты, аялдаманы қирататын, жедел жәрдем жүргізушісін ұратын жүгенсіздік қайдан шықты, мәдениетіміз неге төмендеді?» деген сұрақты жиі қоямыз. Мәдениет үйі жоқ жерде мәдениет қайдан болсын?! Ауылда мәдени инфрақұрылым болмай, креативті индустриянының дамуы қиын. Кітапханасы тозған, бас қосатын мәдениет үйі ескірген, кино көруге, концерт тамашалауға, спортпен айналысуға жағдайы жоқ ауыл жастары мен тұрғындар сонда немен айналысады? Мемлекет басшысы Құрылтайда тәулік бойы жұмыс істейтін кітапхана ашуды армандайтынын айтқан еді. Соған сәйкес ауыл кітапханалары салына ма? Жалпы ауылдың мәдени өмірін дамытуға арнайы бағдарлама бар ма? Сізден жоғарыда көтерілген мәселелер бойынша толық жазбаша жауап беруді сұраймыз», - деді Дархан Қыдырәлі.

Жаңалықтар

«Қазпошта» АҚ басқарма төрағасы Әсел Жанасова журналистердің сұрағына жауап берді, деп х...

Қоғам

Алматыда баннер орнатып жатқан өнеркәсіптік альпинист 12-қабаттан құлап, қайтыс болды, деп хабарлады...