29 жастағы танымал боксшы ауыр соққыдан көз жұмды

ЖАҢАЛЫҚТАР
2497

29 жастағы танзаниялық боксшы Хасан Мгая Дар-эс-Салам қаласындағы жекпе-жек кезінде алған жарақаттарынан қайтыс болды, деп хабарлайды madeniportal.kz.

Бұл туралы Дүниежүзілік бокс кеңесінің (WBC) баспасөз қызметі хабарлады.

Ақпаратқа сәйкес, 27 желтоқсанда ол жеңіл салмақтағы жекпе-жекте жерлесі Пол Элиасқа нокаутпен жеңіліп қалды. Мгая басына бірнеше соққыларды алғаны белгілі болды. Боксшыға сол жерде медициналық көмек көрсетілді, бірақ келесі күні оның жағдайы нашарлап, ауруханаға жеткізілді, кейін ол қайтыс болды.

"Бүкіл WBC отбасы мен достарына көңіл айтады", - делінген WBC мәлімдемесінде.

Танзаниялық боксшының есебінде кәсіби рингте тоғыз жекпе-жек өтті. Ол төртеуінде жеңіліске ұшырады. Үш рет жеңіске жетті, оның қатысуымен тағы екі жекпе-жек тең аяқталды.

ЖАҢАЛЫҚТАР

Көкшетауда жекеменшік тұрғын үйден өрт шықты. Алдын ала мәлімет бойынша, өртке найзағайдың түсуі себ...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Әлеуметтік желіде кеңінен тараған «Курьер ана» видеосының авторы Алмат Несіпқалиев аталғ...