Президент атына әлі де көңіл айту жеделхаттары келіп түсіп жатыр

Фото: gov.kz

ЖАҢАЛЫҚТАР
676

Көңіл айту жеделхаттарын Тәжікстан Президенті Эмомали Рахмон, Әзербайжан Президенті Ильхам Әлиев, Беларусь Президенті Александр Лукашенко, Франция Президенті Эмманюэль Макрон, Сербия Президенті Александр Вучич, Вьетнам Коммунистік партиясы Орталық комитетінің Бас хатшысы, Вьетнам Социалистік Республикасының Президенті То Лам, Армения Премьер-министрі Никол Пашинян, Татарстан Раисы Рустам Минниханов, сондай-ақ бірқатар халықаралық ұйымның жетекшілері жолдады, деп хабарлайды MadeniPortal.kz.

Жеделхаттарда шетел көшбасшылары осынау қиын сәтте Қазақстан халқымен бірге екенін жеткізген.

Сонымен қатар қазақстандықтардың ауыр қайғысына ортақтасып, қаза тапқан азаматтардың туған-туыстарына көңіл айтады.

Президент халықаралық қоғамдастықтың жұбаныш сөзі мен қолдауына ризашылығын білдірді.

ЖАҢАЛЫҚТАР

Бүгінде жасанды интеллект технологиясы қарқынды дамып, адам өмірінің көптеген саласына еніп келеді....

ЖАҢАЛЫҚТАР

Мәскеуде дәрігерлер 250-ден астам магнитті шарик жұтып қойған екі жасар қыздың өмірін сақтап қалды,...