31 желтоқсан мереке күні ретінде белгілене ме?

Фото: Шедеврум

ЖАҢАЛЫҚТАР
1594

Бүгін Үкімет отырысында журналистер "31 желтоқсан мереке күні ретінде белгілене ме?" деген сұрақты министрліктің өкілдеріне тағы бір мәрте қойып көрді, деп хабарлайды MADENIPORTAL.KZ.

Журналистің бұл сұрағына Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің еңбек департаментінің басшысы Шалқар Оразбеков жауап берді.

"Иә, бұл сұрақты біз бұған дейін бірнеше рет қарағанбыз. Халықаралық тәжірибені зерттей келе, мәселені түбірімен қарай отырып, 31 желтоқсанды мереке күні ретінде белгілемеуді жөн деп шештік", – деді ол. 

Дегенмен, Шалқар Оразбеков әрбір жұмыс орыны жұмысшыларымен келісімге сай, 31 желтоқсанды қысқартылған жұмыс күні ретінде белгілей алатынын атап өтті. 

ЖАҢАЛЫҚТАР

Қайрат Нұртастың әйелі Жұлдыз Әбдікәрімова кенже қызы Рабия Сұлтанның бір жасқа толған туған күнін а...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Жаңа адамдардың AntiLIPA Азаматтық науқаны осыған дейін Ayana Clinic-те тексеру жүргізген. Сол кезде...