Әзербайжанда 17 жастағы жасөспірім мектеп ауласында қатты қорқыныштан кейін көз жұмды. Ол бұл оқу ор...
35 жылдық тарихы бар «Караван» басылымы жабылады
Фото: ЖИ
24
Қазақстандағы көне әрі танымал басылымдардың бірі – «Караван» өз жұмысын тоқтатпақ, деп хабарлайды MadeniPortal.kz.
Редакция ұжымына компанияның таратылатыны туралы хабар берілген. Басылым журналистері 31 желтоқсанға дейін қызмет атқарады.
1991 жылы негізі қаланған «Караван» кезінде таралымы 300 мың данадан асып, Қазақстандағы ең көп оқылатын газеттердің біріне айналған еді. 2022 жылы газеттің қағаз нұсқасы шығуын тоқтатып, редакция жұмысын интернет кеңістігінде жалғастырды.
Енді тәуелсіздікпен тұстас тарихы бар басылымның қызметі біржола тоқтауы мүмкін.