Мектеп ауласында болған инфаркт: Оқушы өлер алдында қатты қорыққан

ашық дереккөзден алынған

ЖАҢАЛЫҚТАР
1621

Әзербайжанда 17 жастағы жасөспірім мектеп ауласында қатты қорқыныштан кейін көз жұмды. Ол бұл оқу орнын бір жыл бұрын бітірген, деп хабарлайды Мadeniportal.kz.

 Xəzər TV арнасының хабарлауынша, қайғылы оқиға кеше кешкісін Бакудың Сабунчи ауданына қарасты Бакиханов кентіндегі №94 мектептің ауласында болған.

17 жастағы Эшгин Рустамов жақын достарының жанында жан тапсырған. Олардың айтуынша, оның аяғының астында петарда жарылып, бұл жасөспірімнің қатты эмоциялық күйзеліске түсуіне себеп болған.

Оқиға кезінде оның жанында болған құрдастары да жарылыстан кейін Эшгиннің қатты мазасызданғанын айтып отыр.

Куәгерлердің бірі Фидан Гусейнова жедел жәрдем келгенін, алғашқы медициналық көмек көрсеткеннен кейін аумақтан кеткенін, алайда арада біраз уақыт өткен соң Эшгиннің жағдайы қайта нашарлағанын жеткізді.

Марқұмның көршілері Эшгин Рустамовтың отбасы Жебраил ауданынан екенін айтты. Ол — отбасындағы жалғыз ұл, бір әпкесі бар екені де белгілі болды. 

ЖАҢАЛЫҚТАР

Wildberries логистикалық орталықтарына жасалған шабуылдар салдарынан 100-ден астам қазақстандық кәсі...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Шымкентте Нұрай Серікбайдың қазасына байланысты қылмыстық іс бойынша сот отырысы жалғасып жатыр. Сот...