396 миллион теңге пара үшін 12 жылға сотталған Кәрім Көкірекбаев бостандыққа шығуы мүмкін

gov.lz

ЖАҢАЛЫҚТАР
130

12 жылға бас бостандығынан айырылған Жамбыл облысының бұрынғы әкімі Кәрім Көкірекбаев денсаулығына байланысты жазасын өтеуден мерзімінен бұрын босатылуы мүмкін. Алматы облысындағы Алатау қаласының соты оның өтінішін қанағаттандырғаны хабарланды. Алайда бұл ақпарат әзірге ресми түрде расталған жоқ, деп хабарлайды MadeniPortal.kz.

Бұл туралы журналист Михаил Козачков өзінің Telegram-арнасында дереккөзіне сілтеме жасап мәлімдеді.

Оның айтуынша, сот өткен аптада 69 жастағы Көкірекбаевтың денсаулық жағдайына байланысты жазадан босату туралы өтінішін қараған. Алайда сот қаулысы әлі заңды күшіне енбеген.

Бұрынғы әкімді босатуға Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 75-бабы негіз болуы мүмкін. Бұл бап ауруына байланысты жазадан босату немесе жазаны өтеуді кейінге қалдыру мүмкіндігін қарастырады.

Кәрім Көкірекбаев не үшін сотталды?

Кәрім Көкірекбаев 2022 жылғы желтоқсанда «Қазселденқорғау» мемлекеттік мекемесін басқарып жүрген кезінде ұсталған.

Тергеу материалдарына сәйкес, ол орынбасары Әділет Ахатаевпен бірге «Bazis Construction INFR» компаниясының өкілі Андрей Поплавскийден 396 миллион теңге көлемінде пара алған. Қаражат Қорғас өзеніндегі қорғаныс құрылыстарына қатысты орындалмаған жұмыстардың актілеріне қол қою үшін берілген. Мемлекетке келтірілген шығын шамамен 2 миллиард теңгеге бағаланған.

2024 жылы алқабилер соты Көкірекбаевты ақтағанымен, кейін апелляциялық сот бұл үкімнің күшін жойып, істі қайта қарауға жіберді. Бұл дерек Алматы облысы прокуратурасының ресми хабарламасында көрсетілген.

2025 жылғы шілдеде қайта қаралған іс бойынша Кәрім Көкірекбаев 12 жылға, ал Әділет Ахатаев пен Андрей Поплавский 11 жылдан бас бостандығынан айырылған.

Қазіргі жағдай

Алматы облыстық сотының баспасөз қызметі Көкірекбаевтың ықтимал босатылуына қатысты 23 қарашада ресми түсініктеме беруге уәде еткен.

Әзірге сот қаулысының заңды күшіне енгені және бұрынғы әкімнің нақты бостандыққа шыққаны расталмаған.

ЖАҢАЛЫҚТАР

Мұғалімдер енді мәселесін бір қоңыраумен жеткізе алады. Бұл туралы оқу-ағарту министрі Жұлдыз Сүлейм...

МҰРАЖАЙ

Түркияның Стамбұл қаласындағы әйгілі Айя-София мешітінде жүргізілген реставрация жұмыстары кезінде т...