66 жастағы ер адам 89 жастағы анасын балтамен ұрып өлтірді

Фото: әлеуметтік желі

ЖАҢАЛЫҚТАР
47

Солтүстік Қазақстан облысының Жамбыл ауданында 89 жастағы әйелдің өліміне қатысты қылмыстық іс қозғалды, деп хабарлайды MadeniPortal.kz.

Қайғылы оқиға Благовещенка ауылында болған.

Алдын ала мәлімет бойынша, анасы мен 66 жастағы ұлының арасында жанжал туындаған. Ашуға берілген ер адам қарт анасының басынан балтамен ұрған. Әйел алған жарақатынан оқиға орнында көз жұмған.

Марқұмның денесі үйдің ауласынан табылған. Күдікті болған жағдай туралы полицияға өзі хабарлаған. Қазір ол ұсталып, тергеу жүргізіліп жатыр.

«Благовещенка ауылындағы жеке үйдің ауласынан 89 жастағы әйелдің денесі табылды. Қылмысты жасады деген күдікпен оның 66 жастағы ұлы ұсталды. Аталған факті бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды. Қажетті сараптамалар тағайындалып, оқиғаның барлық мән-жайы мен себептері анықталуда», – деді СҚО полиция департаментінің аға инспекторы Юрий Клыков.

ЖАҢАЛЫҚТАР

Қазақстан Ұлттық Олимпиада комитетінің президенті Геннадий Головкин Ислам ынтымақтастығы спорт қауым...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Қазақстандық теннисші Елена Рыбакина US Open-2026 турнирінің жеңімпазы атанды. Нью-Йоркте өткен фина...