Мұғалімдер енді мәселесін бір қоңыраумен жеткізе алады

Фото: ЖИ

ЖАҢАЛЫҚТАР
102

Мұғалімдер енді мәселесін бір қоңыраумен жеткізе алады. Бұл туралы оқу-ағарту министрі Жұлдыз Сүлейменова өз парақшасында мәлімдеді, деп хабарлайды MadeniPortal.kz. 

Енді ұстаздар 1472 нөміріне хабарласып, жалақы, жұмыс жүктемесі, құжат жұмыстары және өз құқықтарына қатысты сұрақтарын қоя алады. 

Орталық үш деңгей бойынша жұмыс істейді. 

▪️Қарапайым сұрақтарға 15 минут ішінде жауап беріледі.  

▪️Күрделі мәселелер бір жұмыс күнінде қаралады. 

▪️Ал басқа мемлекеттік органдардың көмегін қажет ететін мәселелерді шешуге бір айға дейін уақыт беріледі. 

Қазір орталық техникалық сынақтан өтіп жатыр.

Жаңа жүйенің басты мақсаты – педагогтердің өзекті мәселелерін шешуді созбалаңға салмай, оларға уақытылы әрі нақты түсініктеме беру.

Айта кетейік, Қазақстанда мұғалімдердің еңбек құқықтары «Педагог мәртебесі туралы» заңмен қорғалады. Аталған заң педагогтердің еңбек жағдайларына, оқу жүктемесіне және еңбекақысына қатысты негізгі кепілдіктерді белгілейді. 

ЖАҢАЛЫҚТАР

12 жылға бас бостандығынан айырылған Жамбыл облысының бұрынғы әкімі Кәрім Көкірекбаев денсаулығына б...

МҰРАЖАЙ

Түркияның Стамбұл қаласындағы әйгілі Айя-София мешітінде жүргізілген реставрация жұмыстары кезінде т...