ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің қолдауымен Құрманғазы атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық ұ...
4 жастағы бала айдалада жалғыз жүрген: Пойыз машинисті байқап қалған (ВИДЕО)
вИдеодан алынған скрин
Қазақстанда жүк пойызының машинисі теміржол бойында жалғыз жүрген төрт жасар баланы байқап, пойызды шұғыл тоқтатты, деп хабарлады MadeniPortal.kz
ҚТЖ баспасөз қызметінің мәліметінше, оқиға 20 қыркүйек күні сағат 12:30 шамасында болған. Сарыөзек – Үштөбе бағытында келе жатқан жүк пойызының машинисі Айнабұлақ станциясына қарай жалғыз кетіп бара жатқан кішкентай баланы байқаған.
Сол сәтте пойыз сағатына 38 шақырым жылдамдықпен қозғалып келе жатқан. Машинист дереу тежегішті басып, құрамды тоқтатқан. Содан кейін баланы локомотив кабинасына мінгізіп алған.
Оқиға туралы пойыз диспетчеріне хабарланған. Айнабұлақ станциясына жеткен соң бүлдіршін кезекші қызметкерге тапсырылып, оның ата-анасымен байланыс орнатылған.
Осылайша машинистің дер кезінде әрекет етуінің арқасында бала қауіпсіз жерге жеткізілді.
Посмотреть в Threads