«Қайраттың» бас бапкері футболшыларға арналған қымбат сыйлықтар туралы пікір білдірді (ВИДЕО)

ашық дереккөзден алынған

ЖАҢАЛЫҚТАР
568

«Қайраттың» бас бапкері Рафаэль Уразбахтин команда қақпашыларына қымбат сыйлық беру керек пе деген мәселеге қатысты пікір білдірді, деп хабарлады Мadeniportal.kz.

«Футбол – командалық спорт түрі. Менің пікірім – көмектескісі келсе, клубқа көмектессін. Немесе сыйлық беретін болсаңыздар – бәріне беріңіздер. Сыйлық беріп жүрген адамдарға ақыл үйрете алмаймын, бірақ біздің командалық әрекеттеріміз тұрғысынан біреуді бөліп көрсету дұрыс емес. Клубта да саясатымыз сол – біз бір командамыз. Егер бірдеңе берілсе, клубқа берілсін. Мысалы, автобус немесе шағын автобус. Бірақ менің ұстанымым – мұндайды жасаудың қажеті жоқ», – деді Рафаэль Уразбахтин.

Қымбат сыйлық алған алғашқы адам – «Қайраттың» 18 жастағы қақпашысы Шерхан Қалмырза болды. Кейін «Қайрат» қақпашысы Темірлан Анарбековке автокөліктің кілтін тапсыру сәті түсірілген видео жарияланды.

Еске салайық, 30 қыркүйекте Алматыдағы стадионда қазақстандық «Қайрат» пен мадридтік «Реал» арасындағы футбол матчы 0:5 есебімен аяқталды.