5 алтын, 3 күміс..: Өзбекстан Паралимпиадада алғашқы ондыққа кірді

Өзбекстан ҰОК

ЖАҢАЛЫҚТАР
2105

Өзбекстан өзінің спорттық көрсеткіштерімен тағы да таң қалдырады және бүгінде Паралимпиада ойындарының медальдық есебінде жетінші орында тұр, деп хабарлайды Ulysmedia.kz. 

28 тамызда Парижде Олимпиада ойындары аяқталғаннан кейін мүмкіндігі шектеулі жандарға арналған паралимпиадалық жарыстар басталды.

Қазақстан және Өзбекстан

Қазақстанның қоржынында әзірге Мерген Еркін Ғаббасов әкелген бір күміс медаль бар. Паралимпиадада елімізді 9 спорт түрінен 44 спортшы ұсынады.

Өзбекстан Олимпиададағыдай тағы да Орталық Азияның барлық елдері арасында ерекшеленді. Бүгінде көрші республика медальдық есепте жетінші орында тұр.

Қазіргі уақытта Өзбекстан делегациясының қоржынында 5 алтын, 3 күміс және 3 қола медаль бар. Өзбекстан Парижге 113 спортшы жіберді.

Өзбекстан һәм Олимпиада

Естеріңізге сала кетейік, Париж олимпиадасының қорытындысы бойынша Қазақстанда 43 орында қалса, Өзбекстан сегіз алтын медальмен 13-ші орынға шықты.

ЖАҢАЛЫҚТАР

Атырау облыстық перинаталдық орталығында сирек әрі қуанышты оқиға болды. Бір мезетте дерлік екі үшем...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Мемлекет басшысы жаңа Конституция жобасы бойынша өткен республикалық референдумға қатысып, Оқушылар...