5 жылға сотталған еді: қазақстандық күтпеген жерден бостандыққа шықты

ашық дереккөз

ЖАҢАЛЫҚТАР
61

Кассациялық сот бұған дейін автокөлікті заңсыз иемденді деген айыппен бес жылға бас бостандығынан айырылған қазақстандыққа қатысты үкімнің күшін жойды. Ер адам қамаудан босатылды, деп хабарлады MadeniPortal.kz.

Іс материалдарына сәйкес, 2024 жылғы 23 қазанда ер адам Hyundai Elantra көлігінің жүргізушісі сыртқа шығып кеткен сәтте бөтен көліктің рөліне отырған. Оның айтуынша, мұны жүргізушінің өтініші бойынша көлікті басқа жерге қойып, жолды босату үшін жасаған.

Көлікті жүргізу кезінде ол тағы екі автокөлікпен соқтығысқан.

Бірінші сатыдағы сот ер адамды ұрлау мақсатынсыз автокөлікті заңсыз иемденгені үшін кінәлі деп танып, бес жылға бас бостандығынан айырған. Апелляциялық саты үкімді өзгеріссіз қалдырған.

Кассациялық сот үкімнің күшін жойды

Сотталған азамат үкімге шағым түсірген. Кассациялық сот айыптау тарапы қылмыс құрамының негізгі белгісін – көлікті заңсыз иемденуге бағытталған тікелей ниетті дәлелдей алмады деген қорытындыға келді.

«Оқиғаның бейнежазбасы жоқ, автокөліктің қозғалғанын көрген куәгерлер анықталмаған, ал жол-көлік оқиғасының сызбасы көліктің қанша қашықтыққа жүргенін және соқтығыс болған орынды анықтауға мүмкіндік бермейді», – делінген хабарламада.

Сондай-ақ сот төменгі сатылардың сот актілерінде келтірілген шығын көлемінің әртүрлі болғанына назар аударған.

Нәтижесінде кассациялық сот төменгі сатыдағы соттардың шешімдерін жойып, қылмыстық құқық бұзушылық құрамының болмауына байланысты істі тоқтатты.

Ер адамды қамаудан дереу босату туралы шешім қабылданды.

ЖАҢАЛЫҚТАР

Астанада Salman City тұрғын үй кешенінің құрылыс алаңында қайғылы жағдай болды. Құрылыс краны құлап,...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Әлеуметтік желіде той үстінде анасын ортаға шақырып, оған ерекше құрмет көрсеткен жігіттің видеосы к...