Нигерияның солтүстігіндегі Джигава штатында жанармай тасымалдайтын көлік аударылып қалды, деп хабарл...
Алматыда жоғалған тікұшақ экипаждарының туыстары үндеу жасады
Фото: syrmedia.kz
Алматыда жоғалған тікұшақ экипаждарының туыстары үндеу жасады, деп хабарлайды MADENIPORTAL.KZ.
25 шілдеде Алматы облысында жоғалып кеткен EC-145 әскери ұшағы экипажы мүшелерінің туыстары президент, төтенше жағдай және қорғаныс министрлеріне қайырылып, іздеу операциясын жеке бақылауына алуды сұрады. Бұл жөнінде Syrmedia сайты хабарлап, туыстарының бірінің видеосын жариялады.
“Жағдайға назар аударуыңызды сұраймыз. Экипаждың үш мүшелерін туыстары күтіп отыр. Оларды тезірек құтқарады деп үміттенеміз”, - дейді видеода туыстарының бірі.
Олардың сөзінше, бірінші күн Отар ауданында іздеу жұмыстары жүргізіліп, “бостан-босқа уақыт” жұмсалған. Нағыз іздеу бір күннен кейін ғана – Сорбұлақ қоймасы маңында басталған.
“Бәлкім, олар жарақаттанып, әлі күнге дейін көмекті күтіп жатқан болар. Қазір біз достары, туыстары мен еріктілер өз күшімізбен іздеп жатырмыз. Іздеу жұмысын күшейтіп, түнде техниканы қосуды сұраймыз. Әрбір минут қымбат", - дейді видеода.
Syrmedia.kz экипаж мүшелерінің де аты-жөнін атаған: Амангелді Аман, Ержігитов Бақтияр және Уйсенбаев Нұржігіт.
Бұған дейін төтенше жағдай министрлігі әскери тікұшақтың бөлшектері Сорбұлақтан табылғанын хабарлаған.