Алаяқтардың Ербаян Мұхтардың атынан істеген істері елдің жағасын ұстатты

Фото: Инстаграмнан

ЖАҢАЛЫҚТАР
1659

Тараз қаласында алаяқтар әскерден сал болып келген Ербаян Мұхтардың еміне қаражат жинап жүргені анықталды, деп хабарлайды Madeniportal.kz Orda.kz-ке сілтеме жасап.

Бұл туралы құқық қорғаушы Инга Иманбай әлеуметтік желідегі парақшасында мәлімдеді. Оның айтуынша, Ербаян үшін қаражатты тек анасы ғана жинап жатқанын ескертті.

«Кеше біздің мұқият жазылушымыз Раушан Тараз қаласында Ербаянның еміне ақша жинау туралы хабарландыруды байқады. Көрсетілген нөмірге қоңырау шалып, сөйлескен кезде, арғы жақтағы адам бұл қаражат Ербаян үшін жиналып жатқанын растаған. Алайда бұл – жалған ақпарат», - деп жазды ол.

Инга Иманбай Тараз қаласының құқық қорғау органдарына бұл жағдайды шешуді тапсырды.

ЖАҢАЛЫҚТАР

Алда Жаңа жыл мерекесі жақындап келе жатқандықтан, кейбір адамдар арасында оны атап өтуге бола ма, б...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Атырау облысында кешелі бері қатты жел соғып, дауыл тұрды, деп хабарлайды MadeniPortal.kz. Салдарын...