Қазақстанда ұстаздарды қолдау мақсатында "Үздік педагог" байқауы басталды. Жеңімпаздарға 1000 АЕК (...
«Қара жамылған суретінен шошыдық»: Қайрат Нұртастың қызына арнаған жазбасы желіні шулатты
ашық дереккөз
Танымал әнші Қайрат Нұртас ортаншы қызы Алауды туған күнімен құттықтады, деп хабарлады MadeniPortal.kz.
Әнші екінші қызына арнап ерекше жазба жария етті.
"Лаулаған Алауым! Туған күніңмен жұлдызым, әкесінің жүрегі! Бақыттың құшағында, Алланың назарында бол, қызым! Маңдайыңдағы бағың бес елі болсын, құлыным! Мен барда ешкімнен қорықпа, ешкімге жалтақтап алақан жайма! Мен сенің тіргеіңмін, қорғаныңмын, қолдауыңмын!", - деп жазды әнші.
Желі қолданушары жазбаға құттықтау тілектерін білдірді.
"Бағы бес елі болсын! Жақсы көремін Алауканы", "құтты болсын туған күні", "Әкесі қандай керемет тілек айтты Алланың құлағына шалынсын", - деді желі қолданушылары.
Ал кейбір желі қолданушылары жазбадағы суретке көңілдері толмағанын жеткізді.
"Қарайтпаңдаршы тірі адамды, өтініш", "Шошып кеттім ғой. Қап-қара болып ауыр көрінеді екен. Құдай сақтасын. Бұндай сурет қоймаңыздаршы", "Қара жамылған суретінен шошыдық", - деді желі қолданушылары.