6 көлік өртенген: Құлсарыдағы жарылыс туралы жаңа ақпараттар белгілі болды

Фото: Атырау облысының әкімдігі

ЖАҢАЛЫҚТАР
1599

Атырау облысы Құлсары қаласында болған автогаз құю стансасындағы жарылыстан кейінгі жаңа мәліметтер белгілі болды, деп хабарлайды MADENIPORTAL.KZ Azattyq Rýhy-на сілтеме жасап. 

Атырау облысы Төтенше жағдайлар департаменті бастығының міндетін атқарушы Назарәлі Селимовтің айтуынша, екі адам қаза тауып,  14 тұрғын әртүрлі жарақат алған. Олардың төртеуі — бала. 

  • 10 адам ауруханаға жатқызылды
  •  4 адам амбулаториялық бақылауда
  • Қаза тапқандардың жеке басы анықталып жатыр

«Ауыр жағдайда жатқан науқастар жоқ. Барлық зардап шеккен адамға медициналық көмек көрсетіліп жатыр»,– делінген облыстық Денсаулық сақтау басқармасының мәліметінде. 

Жарылыс салдарынан жақын маңдағы 6 көлік өртеніп, 4 тұрғын үйге зақым келген. Оның ішінде 3 бірқабатты, 1 екіқабатты үй бар.

  • Өрт шалған жалпы аумақ – 400 шаршы метр
  • Өртті сөндіруге 17 арнайы техника, 81 құтқарушы тартылды. 

Атырау облыстық Полиция департаментінің хабарлауынша:

  • Оқиғаға байланысты қылмыстық іс қозғалды
  • Тергеу амалдары жүріп жатыр

Жарылыстың нақты себебі әзірге белгісіз. 

Атырау облысының әкімі Серік Шәпкенов жедел штаб отырысын өткізіп, мынадай тапсырма берді: өрттің салдарын жою; халық қауіпсіздігін қамтамасыз ету; көмек көрсету тетіктерін іске қосу. 

ЖАҢАЛЫҚТАР

Белгілі саясаткер әрі қоғам қайраткері Бахыт Түменова өмірден өтті. Бұл туралы мәж...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Қазір әлеуметтік желілерде продюсер Баян Алагөзова мен жұбайы Тұрсын Алагөзовтың қазақ киносының аңы...