Қызылордада мектеп оқушысына пышақпен шабуыл жасалды

Фото: freepik.com

ЖАҢАЛЫҚТАР
1368

Қызылордада 15 жастағы мектеп оқушысына пышақпен шабуыл жасалды, деп хабарлайды MADENIPORTAL.KZ.

Жарақат алған жасөспірім ауруханаға жеткізілді. Шабуыл жасады деген күдікті ұсталды.

Ведомствоның баспасөз қызметі хабарлағандай, полиция қызметкерлері кәмелетке толмаған баланың денсаулығына қасақана ауыр зиян келтіру бабы бойынша қылмыстық іс қозғады.

Қазір оқиғаның барлық мән-жайын анықтау үшін тергеу амалдары жүргізілуде.

"Кәмелетке толмаған күдікті ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды", - деп хабарлады Қызылорда облыстық полиция департаменті өкілдері.

Қылмыстық істі тергеу барысын полиция департаменті басшылығы ерекше бақылауға алды.

ЖАҢАЛЫҚТАР

Алматыда бұрын полиция қызметкері болған ер адамның қазасына қатысты іс қоғамда қызу талқыланып жаты...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Актер әрі сценарист Рамазан Амантай әлеуметтік желіде өзінің сыртқы келбетіне қатысты пікір білдірге...