"Розаға қызығамын": Мақпал Жүнісова жан сырын айтты

Фото: Видеодан алынған кадр

ЖАҢАЛЫҚТАР
3019

Қазақ эстрадасының жарық жұлдызы Мақпал Жүнісова асқақ арманы туралы жан сырын ақтарды. Өнер иесі қызы Мерей тұрмысқа шығып, немерелі болғысы келетінін айтты, деп хабарлайды madeniportal.kz KAZ.NUR.KZ-ке сілтеме жасап.

Мақпал Жүнісова өнердегі әріптесі Роза Рымбаеваға қызығатынын жасырмады. Ол әнші құрбысы секілді немере бағып, басқаша өмір сүргісі келетінін жеткізді. "Бүгінде ағылшын тілінің маманы. Қазір бір компанияда қазақшадан ағылшыншаға аударады. Өткен жылы балаларға сабақ беріп, 500 мың теңге айлық алыпты. Өзі тіл саласына қызығады. Мерей қазір 22 жаста. "Жақсы жігіт болса, ертерек кете бер" деп айтамын. Жұмыс істей берсең, кете бересің. Көзімнің тірісінде күйеуге шыққанын көргім келеді. Роза Рымбаеваға қызығамын. Сол сияқты немере бағып, басқаша өмірге енгім келеді. Немерені асығып күтіп жүрмін. Соны айтсам, "Мен әлі жаспын ғой, мені көре алмай жатырсың ба?" дейді. Бір түрлі болып қалады екенсің. Бірақ ішімнен ертерек кетсе екен деп тілеймін", - деді әнші "Din Dina Show" бағдарламасында.

ЖАҢАЛЫҚТАР

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев президент сайлауы қазіргі Конституцияға сәйкес 2029 жылы өз мер...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Атырау облыстық перинаталдық орталығында сирек әрі қуанышты оқиға болды. Бір мезетте дерлік екі үшем...