«Қайрат» клубының бұрынғы футболшысы сотталуы мүмкін

Сурет: sports.kz

ЖАҢАЛЫҚТАР
1429

Алматылық «Қайрат» клубының бұрынғы футболшысы және Украина құрамасының экс-капитаны Анатолий Тимощукке өз елінде қылмыстық іс қозғалды. Киев прокуратурасының сайтында спортшының Ресей Федерациясына көмектесті деген күдікке ілінгені айтылған, деп хабарлады MADENIPORTAL.KZ Sports.kz сайтына сілтеме жасап.

Украина Қауіпсіздік қызметінің хабарлауынша, Тимощук 2024 жылдың 8 қыркүйегінде өткен «Зенит» пен «Қайрат» арасындағы жолдастық кездесуге қатысқан. Украина тарапы бұл кездесу ресейлік әскерилерді қолдау үшін қаржы жинау мақсатында өтті деп есептейді.

Ойыншылар алаңға Ленинград қоршауында құрбан болғандарды еске алуға арналған лента тәрізді стильденген жейделерді киіп шыққан. Ойын аяқталғаннан кейін бұл жейделер, оның ішінде Тимощуктің жейдесі аукцион арқылы сатылып, одан түскен қаржы Ресей Федерациясының Курск облысына жіберілді деген ақпарат бар. Тимощуктің жейдесі 700 мың рубльге сатылған көрінеді.  

Украина заңына сәйкес 111-2-бап бойынша күдікті 10 жылдан 12 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін. Қазір бұл іс бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.

ЖАҢАЛЫҚТАР

Алда Жаңа жыл мерекесі жақындап келе жатқандықтан, кейбір адамдар арасында оны атап өтуге бола ма, б...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Атырау облысында кешелі бері қатты жел соғып, дауыл тұрды, деп хабарлайды MadeniPortal.kz. Салдарын...