«6 млн-ға ұсақ-түйек және қой сатып алынды»: Әділет Зейнелдің 20 млн теңгені қалай жаратқанын айтты

ашық дереккөз

ЖАҢАЛЫҚТАР
562

Астана қалалық сотында фельдшер Ұлдана Мырзуанның қазасына қатысты қылмыстық іс бойынша екінші сот отырысы өтіп жатыр, деп хабарлады MadeniPortal.kz.

Процесс барысында бұрынғы жәбірленуші Әділет Зейнел әкімдік берген 20 миллион теңгенің қалай табысталғанын және қаражаттың қандай мақсаттарға жұмсалғанын айтып берді.

Сотта айтылған мәліметке сәйкес, бөлінген қаражаттың 9 миллион теңгесі Ұлдана Мырзуанның көлік несиесін толық өтеуге бағытталған. Марқұм көлік несиесі үшін ай сайын 210 мың теңге төлеп отырған.

«Ұлдананы жерлеген күні кешке бізді әкімдікке шақырды. Ол жерде Астана әкімі, оның орынбасары және мәслихат депутаттары болды. Сол кезде бізге 20 миллион теңгені қолма-қол берді. Біз әкімдікке Ұлдананың сіңлісімен бірге бардық. 20 миллион теңгені алғаннан кейін үш күннің ішінде көліктің несиесін толық өтедік», - деді Әділет Зейнел.

Сондай-ақ 4 миллион теңге Ұлдананың ата-анасына қайтарылған.

Қалған қаражат марқұмға Құран бағыштау, қой сою және жерлеуге байланысты өзге де шығындарға жұмсалғаны айтылды.

Осылайша, сот барысында әкімдік тарапынан берілген 20 миллион теңгенің жұмсалуына қатысты мән-жайлар жария болды.

ЖАҢАЛЫҚТАР

Арандатушы видеоларымен және көлікті қауіпті жүргізуімен танылған 28 жастағы «Nazarrollan&raqu...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Алматыдағы Республикалық физика-математика мектебінің тағы үш оқушысы ауруханаға жеткізілді. Осылайш...