Оқымайтын және жұмыс істемейтін жастарға қатысты жаңа бастама көтерілді

ашық дереккөз

ЖАҢАЛЫҚТАР
903

Қазақстанда оқудан шығып қалған немесе зейнетақы жарнасы түспейтін жастарға eGov Mobile арқылы жұмысқа орналасу және білім алу мүмкіндіктері туралы жеке ұсыныс жіберу бастамасы көтерілді, деп хабарлады MadeniPortal.kz.

Бұл туралы «Әділет» партиясының депутаты Дидарбек Ділдәбек Ақпарат және мәдениет министрі Арман Қырықбаевқа жолдаған депутаттық сауалында мәлімдеді.

Депутаттың келтірген дерегінше, Қазақстанда оқымайтын және жұмыс істемейтін жастардың үлесі 5,8 пайызды құрайды. 100 мыңнан астам жас ресми тіркелген, ал 300 мыңнан астамы уақытша немесе жасырын жұмыссыз жүргені айтылды.

Осыған байланысты депутат 15–35 жас аралығындағы азамат оқудан шыққан немесе оның зейнетақы жарнасы тоқтаған жағдайда, мемлекеттік ақпараттық жүйе арқылы оған eGov Mobile-да атаулы ұсыныс жіберуді ұсынды.

Сондай-ақ ол жастар ресурстық орталықтарының жұмысын өткізген іс-шаралар санымен емес, нақты жұмысқа орналасқан немесе жаңа мамандық меңгерген жастардың санымен бағалау қажет деп есептейді.

Тағы бір ұсыныс – жергілікті бюджеттен имидждік форумдар мен акцияларға жұмсалатын шығындарға мораторий енгізіп, үнемделген қаржыны ауылдық және аудандық жастар ресурстық орталықтары қызметкерлерінің жалақысын көтеруге бағыттау.

Әзірге аталған бастамалар депутаттық ұсыныс деңгейінде.

ЖАҢАЛЫҚТАР

Жамбыл облысында 14 жастағы Асылбек соққыдан кейін ес-түссіз жатыр. Туыстарының айтуынша, жасөспірім...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Дүйсенбі, 23 қарашада Қазақстанның бірқатар өңірінде жаңбыр мен қар жауып, жел күшейеді. Солтүстік Қ...