"Отбасылық жанжал": Тағы бір әйел күйеуінің қолынан қаза тапты

Фото: ЖИ/MadeniPortal.kz

ЖАҢАЛЫҚТАР
195

Түркістан қаласында отбасылық жанжалдан кейін ер адам әйеліне пышақ жарақатын салып, салдарынан әйел көз жұмды, деп хабарлайды MadeniPortal.kz.

Көршілердің айтуынша, ауыр жараланған 54 жастағы әйелді алғаш болып оның кенже ұлы көрген. Анасының дауысын естіген жас жігіт бөлмеден шығып, оны қан-жоса күйде тапқан. Осыдан кейін ол бірден жедел жәрдем шақырған.

Дәрігерлер әйелдің өмірін сақтап қалуға тырысқанымен, ол жансақтау бөлімінде қайтыс болды. Алдын ала мәлімет бойынша, ерлі-зайыптылар шамамен 25 жыл бірге өмір сүріп, төрт бала тәрбиелеген. Отбасылық жанжалдың нақты неден туындағаны әзірге белгісіз.

Жергілікті тұрғындардың сөзінше, оқиғадан кейін әйелдің күйеуі өзіне де жарақат салып, өз-өзіне қол жұмсамақ болған. Ол ауруханаға жеткізілген. Қазіргі уақытта күдікті ұсталып, қамауға алынған. Оқиғаның мән-жайын құқық қорғау органдары анықтап жатыр. 

ЖАҢАЛЫҚТАР

Астана халықаралық әуежайы 2025 жылдың қорытындысы бойынша 6,9 млрд теңге шығынға ұшырады. Өткен жыл...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Астанада әлеуметтік желі қолданушылары арасында қызу талқыға түскен велосаяхатшы Бүрлен Әділетқызыны...