Қарағандыда ірі есірткі зертзанасы жойылды

Фото: Polisia.kz

ЖАҢАЛЫҚТАР
2152

Қарағанды облысында жұмыс істеген есірткі зертханасын табылды, деп хабарлайды madeniportal.kz.

Саяжай аумағында ақ түсті ұнтақ тәріздес зат толтырылған 6 ағаш бөшке табылды. Бұл зат есірткі жасауға арналған прекурсор екені белгілі болды. 39 жастағы көлік жүргізушісі табылған затты жеке үйге тасымалдамақ болған кезде ұсталды. Үйге тінту жүргізу барысында 1 тоннадан астам прекурсор және 10 келіден астам дайын есірткі — альфа-PVP тәркіленді.

Сонымен қатар прекурсорлары бар 6 ағаш бөшке, сұйықтығы бар 35 шыны паллет, белгісіз сұйықтық құйылған 33 канистр, ұнтақ тәріздес зат салынған 4 қап, жалпы салмағы шамамен 3 келі болатын альфа-PVP дайын есірткісі салынған 3 вакуумды пакет табылды.

ЖАҢАЛЫҚТАР

Қазақстанда мұраға қалған үйге қатысты бірнеше жылға созылған дауға Кассациялық сот нүкте қойды. Іст...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Түркістанда Арыс қаласында болған жантүршігерлік жол апатына қатысты сот процесі жалғасып жатыр. Мау...