6 сағат қамап қойған: Алакөлге баратын халықты күн ыстықта вагонға қамап қойған

Фото: qaz365.kz

ЖАҢАЛЫҚТАР
1734

Алакөлге баратын халықты күн ыстықта вагонға қамап қойған, деп хабарлайды MADENIPORTAL.KZ.

Алакөлге бара жатқан туристерді пойыз вагонына 6 сағат қамап қойған. Өйткені жолаушылар пойызы жүк пойызының өтіп кеткенін күтіп тұрған.

Алакөлге бара жатқан жүздеген жолаушы 6 сағат бойы ми кептіретін қапырық вагонның ішінде қамалып отыр дейді. ҚТЖ жүк пойыздарын алдымен өткізетін жүйе жасап қойған деседі. Туристік маусымда осы жүйеге өзгеріс жасауға болады ғой. Ақтоғайдың тұсы ылғи осы. Пойыздың ішінде тұншығып отырған жұртқа жаның ашиды.Біздің халықтың табиғаты жалпы төзімді ғой. Ауыз су жоқ, желдеткіш құрал жоқ. Не тысқа шығармайды. Халыққа бір жұтым су ұсынуға жарамаған ҚТЖ-ға да бәрібір секілді. Алакөлге баратын қауымға бір кулер, қайтатын қауымға бір кулер деп шақтап қойыпты. Ең құрығанда «неғып тұрмыз?» деген жолаушыларға жарытып жауап беруге де жарамаған ғой.Өткенде «Алакөлге қырғын турист тасимыз» деп қоппаланып отыр еді. Ұят болды ғой, - дейді журналист Думан Бықай. 

ЖАҢАЛЫҚТАР

Көкшетауда жекеменшік тұрғын үйден өрт шықты. Алдын ала мәлімет бойынша, өртке найзағайдың түсуі себ...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Әлеуметтік желіде кеңінен тараған «Курьер ана» видеосының авторы Алмат Несіпқалиев аталғ...