Алматыда жұрттың мазасын алған жасөспірімдер енді Астанаға барған

Фото: видеодан скриншот

ЖАҢАЛЫҚТАР
843

Алматы көшелерінде адамдардың мазасын алған жасөспірімдердің енді Астанада жүргені туралы ақпарат тарады, деп хабарлайды MadeniPortal.kz.

Әлеуметтік желі қолданушылары оларды елорда көшелері мен қоғамдық көліктерден көргендерін айтып, түрлі жазбалар жариялап жатыр.

Бұл жағдай қоғамда қызу талқыланып, көпшіліктің сынына ұшырады. Себебі бұған дейін жауапты органдар тәртіп бұзған жасөспірімдерге қатысты шара қолданылып, олар ел аумағынан шығарылатынын мәлімдеген болатын. Алайда тұрғындардың айтуынша, жасөспірімдер жазадан құтылып, басқа қалада еркін жүр.

Желі қолданушылары мұндай жағдай құқық қорғау органдарының жұмысына деген сенімге кері әсер етіп, олардың беделіне нұқсан келтіретінін айтуда. Әзірге бұл мәселеге қатысты құзырлы органдар ресми пікір білдірген жоқ. 

ЖАҢАЛЫҚТАР

Алматыда бұрын полиция қызметкері болған ер адамның қазасына қатысты іс қоғамда қызу талқыланып жаты...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Актер әрі сценарист Рамазан Амантай әлеуметтік желіде өзінің сыртқы келбетіне қатысты пікір білдірге...